Өткен жылы қызылордалық құтқарушылар 151 адамды ажалдан аман алып қалды - ТЖД

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысында «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының» көмегімен 16 жыл ішінде 3396 адам құтқарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілішіс облыстық ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы қызылордалық құтқарушылар 151 адамды ажалдан аман алып қалды - ТЖД

2002 жылдың қаңтар айының 25-і күні Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып тіркеліп, осы күн құтқару жасағының күні болып есептеліп келеді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құрылғанына 16 жыл толды.
null

Құтқару жасағы құрылған күнінен бастап құтқарушылар 8679 шақыртуға шығып, 3396 адамды құтқарды. Оның 1763-і балалар. Сонымен қатар төтенше жағдай аймағынан 33310 адам эвакуацияланып, 213 зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетілді.
null 

Тек 2017 жылдың ішінде құтқарушылар 649 әртүрлі сипаттағы шақыртуға шығып, онда 151 адамды құтқарды.