13:57, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Өткен жылы медициналық қызмет көрсету сапасына байланысты түскен шағымдардың 75 пайызы дәйекті болды
АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық қызмет көрсету сапасына байланысты екі мыңға жуық шағым түсті.
Бұл жайында бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылы түскен шағымдардың 75 пайызындағы жағдайлар дәйекті болған. Осы орайда баспасөз мәслихатына қатысқан министрліктің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ем қабылдауға жатқызылған азаматтардың құқын қорғау, бұл саладағы әкімшілік кедергілдерді азайту, сондай-ақ денсаулық сақтаудағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына тосқауыл қою секілді мәселелерді талқылады.