Өткен жылы «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларына келген азаматтардың саны 1,5 есеге артты

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылы Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына келген азаматтардың саны 1,5 есеге артты.

Өткен жылы «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларына келген азаматтардың саны 1,5 есеге артты

Бұл туралы бүгін есеп беру-сайлау конференциясында партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рақымжанов мәлім етті.

«Есептік кезеңде қоғамдық қабылдаулар 15 мың 410 адамды қабылдады, 12470 - заңдық кеңестер көрсетіліп, 2933 - хат қаралды. 2010 жылы қоғамдық қабылдауларға келушілердің саны 2009 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты», - деді Ә.Рақымжанов.

Оның пікірінше, қала аумағындағы кенттер бойынша жасалатын жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өз нәтижесін беріп келеді.