Өткен жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тарихи отанына 15 мың 534 отбасы оралды - Б.Жәмішев

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 2009 жылы ең төменгі өмір сүру көрсеткіші мен ең төменгі жалақы және зейнетақы мен жәрдемақыларды сондай-ақ өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеуші айлық есептік көрсеткіш 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14,1 пайызға өсіп, ең төменгі зейнетақының мөлшері 25 есеге артты. Бұл мәліметтерді бүгін Парламент депутаттарын 2009 жылғы бюджеттің атқарылуымен таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев келтірді,

Өткен жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тарихи отанына 15 мың 534 отбасы оралды  - Б.Жәмішев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде зенетақылық салымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына толықтай кепілдік жасалды. Сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақылары 25 пайызға артып, жұмыс барысында денсаулығына өте мол мөлшерде күш түсіретіндіктен қосымша қаржы алуға жататын дәрігерлер мен медицина мамандарының тізімі кеңейтіле түсті. «Ал мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақылар мөлшері 9 пайызға артты. Сондай-ақ «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында тарихи отанына15 мың 534 отбасы оралды», деді министр.