15:18, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Өткен жылы республикада бала туу көрсеткіші төмендеді - Статистика агенттігі
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Өткен жылы республикада бала туу көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы Статистика агенттігінің әлеуметтік-демографиялық статистика департаментінен хабарлады.

«Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2009 жылдың қаңтар-қараша айларында республикада бала туу көрсеткішінің 0,7 пайызға төмендегені байқалады. 2008 жылдың 11 айында 334,5 мың бала туылса, былтыр 11 айда 332,1 мың бала дүниеге келген. Жалпы республика бойынша, бала туу коэффициенті әр 1000 адамға шаққанда 22,5 адамды құрап отыр, 2008 жылдың қаңтар-қараша айында бұл көрсеткіш 22,6 адамды құраған», деп хабарлайды статистика ведомствосынан.