Өткен жылы салық органдарының қызметкерлері 43 жемқорлық заң бұзушылықтарын жасады

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өткен жылы салық органдарының қызметкерлері 43 жемқорлық заң бұзушылықтарын жасады.

Өткен жылы салық органдарының қызметкерлері  43 жемқорлық заң бұзушылықтарын жасады

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында депутаттармен кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.

«2010 жылы 43 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішіндегі заң бұзушылықтардың 65 пайызын салық органдарының өздері анықтады. Атап айтқанда 46 қылмыстық іс қозғалып, оның 76 пайызы салық органдарының бастамасымен жасалды»,-деді комитет басшысы.

Д. Ерғожин салық қызметтері жемқорлық көріністері болуы мүмкін органдардың бірі екеніне тоқтала келе, осыған байланысты жемқорлыққа тосқауыл қою бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, осы бағыттарда комитеттің веб-сайтында электрондық арыз-шағымдардың кітабы іске қосылды. Сонымен қатар тиісті өтінімдерді электрондық поштаға немесе блог пен Твиттерге жолдауға болады.