Өткен жылы санавиацияның көмегімен 4420 пациентке көмек көрсетілген
Ондағы мәліметтеге қарағанда, медициналық авиацияның көмегімен қызметкер көрсетілгендердің 1468-і (33 %) патологиясы бар бала, 730-ы (17 %) жарақаттанған, жайсыз жағдайға тап болған, уланғандар. Сондай-ақ аталған тізімде акушерлік практикадағы шұғыл жағдайлар бойынша қызмет көрсетілген пациенттер859 (19 %), қанайналым жүйесі аурулары бар пациенттер 560 (13 %), жаңа туған балалар 517 (12 %), басқа аурулары бар 286 (6%) тұрғындар бар.
2022 жылдың қорытындысы бойынша 5230 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: медициналық ұйымдарға 2381 пациент (45%) тасымалданды, 153 күндізгі консультация (3%) өткізілді, 205 операция (4%) орындалды, 2491 (48%) қашықтан медициналық қызмет ұйымдастырылды.
Халыққа консультациялық және жедел медициналық көмек көрсету үшін Астана, Алматы қалаларының республикалық клиникалары мен медициналық ұйымдарынан 251 маман тартылды.
«Медициналық авиация жұмысы пациенттерді тасымалдау, бетпе-бет консультациялар, операциялар жүргізу, қашықтан медициналық қызметтер көрсету, донорлық ағзалар мен биоматериалдарды тасымалдау сияқты бағыттарда жүргізіледі. Бүгінгі таңда республика бойынша орташа медициналық авиация тәулігіне 15 ұшуға дейін жүзеге асырылады»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрліктің мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылы медициналық авиация нысанында медициналық қызметтер көрсету үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне 2985 өтінім келіп түсті, оның 628-інен бас тартылды (метеожағдайлар, техникалық себептер, пациенттің жай-күйінің нашарлауы және т.б.).
2022 жылдың қорытындысы бойынша медициналық авиация 2357, оның ішінде тікұшақтармен – 470, ұшақтармен – 1887 (оның ішінде 41 ұшуды Азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелері орындады) ұшуды орындады.
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі