Өткен жылы Түркиядан, Ираннан тауарлар контрабандасы бойынша бірқатар тұрақты қылмыстық сызбалар әшкере болды
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау комитеті өткен жылы Түркиядан, Ираннан тауарлар контрабандасы бойынша бірқатар тұрақты қылмыстық сызбаларын әшкере етті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында аталған ведомствоның өкілі Ерден Жұма мәлім етті.
«Өткен жылы кеден органдары Түркиядан, Ираннан тауарлар контрабандасы бойынша бірқатар тұрақты қылмыстық сызбаларды әшкерелді», - деді ол.
Мәселен, оның атап өтуінше, өткен жылы комитеттің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 16 жүк көлік құралы мен 24 темір жол контейнері халық тұтынатын тауарлармен ұсталды. Тауарлардың жалпы кедендік құны 1,5 млрд. теңгеден асса, мемлекетке келтірілген залал 427 млн. теңгені құрады.
«Бұл фактілер бойынша аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Е.Жұма.