21:36, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Өткен жылы ЖІӨ 7,5 пайызды құрады
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - 2011 жылғы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 43,2, қызметтер - 50,2 пайызды құраған.