«Отпантаудан – Ұлытауға»: Маңғыстаулық суретшілер елордада экспедицияны қорытындылады

Астана қаласында Маңғыстау облысы суретшілерінің «Күзгі вернисаж» көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Кazinform.

суретшілер
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Көрме мақсаты – «Отпантаудан – Ұлытауға» суретшілер экспедициясының қорытындысын ұсыну.

Экспедиция «Ақтау қалалық суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі, Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мемлекеттік гранты аясында маңғыстаулық суретшілердің біліктілігін арттыру үшін қолға алынды.

суретшілер
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Биылғы маусым айында Ақтауда аймақтағы дарынды суретшілерді іріктеу өтті. Ал шілдеде 4 облыстың киелі жерлеріне экспедиция және кәсіпқой суретшілердің қатысуымен шеберлік-сабақтар ұйымдастырылды. Экспедиция Отпантау – Сарайшық –Бөкей ордасы – Қорқыт ата – Қожа Ахмет Ясауи – Жәдігерлер кешені бағытын қамтыды. Оның аясында аймақ суретшілері Маңғыстау облысынан бастап Ұлытау облысына дейін жол жүріп, киелі жерлерде пленэр ұйымдастырды.

Өңір суретшілері «Отпантаудан – Ұлытауға» экспедициясының қорытындысы ретінде Астана қаласындағы «Күзгі вернисаж» көрмесіне шақырады. 

суретшілер
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі