Өтпелі ұлттық кеңес ливиялық басты қалаларда бақылауды нығайтқаннан кейін Каддафидің саяси және әскери құрылымдары режимі құлады - НАТО

ЮССЕЛЬ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Өтпелі ұлттық кеңес (ӨҰК) Триполиді қоса алғанда, ливиялық басты қалаларда бақылауды нығайтқаннан кейін Каддафидің саяси және әскери құрылымдары режимі құлады,

Өтпелі ұлттық кеңес ливиялық басты қалаларда бақылауды нығайтқаннан кейін Каддафидің саяси және әскери құрылымдары режимі құлады - НАТО

деп мәлімдеді НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік-атлантикалық альянстың ресми өкілі Оана Лунгеску.

Оның айтуынша, Ливиядағы жағдай жедел, дұрыс бағытта дамып келеді. «Біз Өтпелі ұлттық кеңес басшысы Мұстафа Абдуль Джалильдің экстремизм мен өш алудан бас тартып, кешіру, мәмілеге келу және бірлік туралы айтқан сөздерін құптаймыз», - деді О.Лунгеску.

НАТО-ның ресми өкілі ӨҰК өзінің халықаралық позициясын нығайта түсіп, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесінің тануына ие болды деп атап өтті. Келесі аптада Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясында «Ливия достары тобының» кездесуі болады, оған НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен қатысады.

О.Лунгеску НАТО-ның Ливиядағы миссиясы аяқталмағанын атап өтті, өйткені, бұрынғыша ливиялық кейбір қалаларда жағдай әлі тұрақтанған жоқ.

Өтпелі ұлттық кеңес (ӨҰК) елдегі біден-бір легитимді орган деп жарияланды. Бүгінде ӨҰК-ті Қазақстанды қоса алғанда, 60-қа жуық ел таныды.

Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, Қазақстан Өтпелі ұлттық кеңесті елдегі қазіргі өкімет ретінде таниды. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай атап өткендей, қазақстандық тарап Өтпелі ұлттық кеңес азаматтық халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шараларды қолға алады, сондай-ақ елдің мемлекеттік органдарының тұрақты жұмысын қалпына келтіреді деп үміттенеді.