Отсыз асфальтта жұмыртқа қуырған атыраулық желіде танымал болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Желіде атыраулық тұрғынның күннің ыстығына жұмыртқа қуырғандығы туралы видео танымалдыққа ие болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отсыз асфальтта жұмыртқа қуырған атыраулық желіде танымал болды

«Атыраудағы ауа райы туралы не айтуға болады? Отсыз асфальтта жұмыртқа қуырдық. 40-42 градус ыстық. Міне, солай...», - дейді видео авторы.

Айта кетейік, Атырауда аптап ыстыққа байланысты ТЖ департаменті тұрғындарға ескерту жариялап, ыстық ауа райы 21 шілдеге дейін сақталатындығын хабарлады.