Оттава, Бразилиа және АҚШ-тағы 3 қалада референдум учаскелері өз жұмысын бастады
АСТАНА. KAZINFORM - Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландта шетелдік референдум учаскелері өз жұмысын аяқтағанын жазған едік.
Сондай-ақ, Қазақстандықтар Еуропа елдерінде, оның ішінде Болгария, Грекия, Латвия, Литва, Румыния, Финляндия, Эстония, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция мен Ұлыбританияда референдум учаскелерінде дауыс беруді жалғастыруда.
Сонымен қатар дауыс беру Оңтүстік Африка, Эфиопия, Мысыр, Иордания, Қатар, Сауд Арабиясы және Кувейтті қоса алғанда, Таяу Шығыс пен Африка елдерінде өтуде.