Оттава орталығында өлтірілген сарбаздың есімі белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Канадада Оттава қаласының орталығындағы атыста қаза тапқан сарбаздың аты-жөні белгілі болды. Ол - Канада Қарулы күштерінің 24 жастағы капралы Натан Серилло, деп хабарлады «ТАСС».
Ол Онтарио провинциясы Гамильтон қаласында дүниеге келген.
Полиция таратқан мәлімет бойынша, сәрсенбі күні таңғы 9-30 шамасында қара түсті киім киген адам Сериллоны мылтықпен атып, парламент жаққа жүгіргенде құқық қорғаушылар оның өзін атты. Капрал Бірінші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқан канадалықтар құрметіне қойылған мемориалды ескерткіш алдында қарауылда болған.
Қылмыскер - 1982 жылы туған Майкл Зехаф-Бибо есімді Канада азаматы.