Оттавада гидроұшақ өзенге құлады, зардап шеккендер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канада астанасында гидроұшақ өзенге құлап, екі адам зардап шекті. Бұл туралы СВС телеарнасы хабарлады.
71 жастағы ұшқыш пен 27 жастағы жолаушы жарақаттанған. Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, жағалау құтқарушылары шұғыл қимылдап, зардап шеккендерді ұшақтан шығарып үлгерді.