Отырар ауданында «ЭКСПО 2017» көрмесіне арналған дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО Отырар ауданына қарасты Аққұм ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай «ЭКСПО 2017» - көрмесінің мақсаттары мен міндеті және «ЭКСПО 2017» Қазақстанның болашағы тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Дөңгелек үстелге аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрман қатысып, жиынға қатысушыларды ел Егемендігінің 25 жылдығы мерейлі мерекесімен құттықтады. Келесі жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО - 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі еліміздің ғылыми-техникалық жетістіктерін көрсету мүмкіндігі. Көрменің мақсаты туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:- Респбликамызды көптеген аспектілер бойынша - ірі энергетикалық мемлекет, уран кенін өндіретін жетекші ел, астық экспорттаушы, бай табиғи ресурстарға ие мемлекет ретінде біледі. Енді болашаққа ұмтылған жаңа елді көрсету қажет. Ұлттық павильон тұжырымдамасының өзі де Қазақстан жеткен жетістігімен тоқталып қалмайтынын, әрдайым әрі қарай ілгерілеуді мақсат тұтатынын көрсетеді. Көрме Елордамызды мүлде өзге қырынан көрсетеді, оны кеңейте және көркейте түседі. Бүгінгі таңда Астанада маңызды нысандар аз салынған жоқ. Алайда, ЭКСПО кешені - мүлде басқа сападағы, ХХІ ғасыр талаптарына толықтай сай келетін технологиялар қолданылатын жоба. Елорда тұрғындары мен меймандары үшін энергетика саласындағы болашақпен қауышудың, ғылыми жетістіктерді көрудің және бой көтерген нысандардың көркін тамашалаудың тамаша мүмкіндігі туады, - деген болатын. Дөңгелек үстел жиынында «ЭКСПО 2017» - көрмесінің мақсаттары мен міндеті туралы кеңінен әңгіме болып, шараға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің директоры А.Сыздықәлі мектеп оқушыларының «ЭКСПО 2017» Қазақстанның болашағы» тақырыбында дайындаған жұмыстарымен таныстырса, мектептің психолог маманы Б.Әбдіраман «Арт терапия», яғни, құммен жұмыс істеудің пайдасы туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 

 

Соңғы жаңалықтар