Отырар ауданында электр желілері ретке келтірілуде

ОТЫРАР. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Отырар ауданы аумағында табиғи құбылыс салдарынан жоғары кернеулі 2078 электр бағанасы құлап, тұрғындар жарықсыз қалған болатын. Қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Отырар ауданында электр желілері ретке келтірілуде

Ауданда электр желісінен уақытша ажыратылып, жаппай сөндірілген 9 600 абонентті электр қуатымен қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің мамандары үздіксіз жұмыс істеуде.

15-16 наурыз күндері аралығында жоғары кернеулі 20 бағана тұрғызылып, 17 шақырым электр желілері қайта қалпына келтірілген. Бұл жұмыстарға аталған мекеменің 2 бригадасы және Қазығұрт, Сарыағаш аудандарынан қосымша 2 бригада, 10 техника жұмылдырылған.