Отырар ауданының бір топ қариясы Әзірет Сұлтан кесенесіне зиярат етті

ОТЫРАР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданында Қарттар күніне орай бір топ қарияларға киелі жерлерге саяхат ұйымдастырылды. Аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов бастаған қазыналы қариялар автобуспен төрт қақпалы Түркістанға бет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Отырарлық қариялар облыс орталығы Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан кесенесіне зиярат етті. Жаңартылған, жаңғырған музей экспонаттарымен танысып, Түркістан тарихынан терең мағлұматтар алды. Ерекше әсерге бөленген зейнеткерлер сондай-ақ, қаладағы құрылыс жұмыстарымен де танысты. Қазыналы қариялар отырарлықтарға тиесілі 9-секторға арнайы барып, болашақта қалаға көрік беретін әрі шіліңгір шілдеде сая болатын тал көшеттерін отырғызды. Өздеріне арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, ризашылықтарын білдірді. Дәм үстінде бірқатары аудан әкімі мен мәслихаттың және ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен, кәде сыйлармен марапатталды. Қайтар жолда «Гауһар-ана» кесенесіне зиярат еткен аудан ардагерлері ауылға көтеріңкі көңіл-күймен жетті.

Соңғы жаңалықтар