Отырар қорығының басшысы музей аумағын сауда нүктесі ретінде жалға берген - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің басшысы музей аумағын сауда нүктесі ретінде жалға бергені үшін заңға тартылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырар қорығының басшысы музей аумағын сауда нүктесі ретінде жалға берген - агенттік

«Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ол музей аумағын сауда нүктесі ретінде жалға беріп, 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында.

Жеделдетілген сот өндірісін жүргізуге қатысты өтінім түскеннен кейін күдіктіге процессуалдық ұстау шарасы қабылданбаған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты Данияр Бекайдаров іске қатысты басқа мән-жайды жарияламайтынын мәлім етті.