Отырарда 1000 адамдық жаңа мешіт пайдалануға берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Күнгейдегі Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында мың адамға лайықталған жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Есен ана» деп аталатын мешітті салтанатты түрде ашып, ел игілігіне беруге Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысты.null 

«Ұлық Алланың қалауымен біздер Отырар ауданында мұсылман баласының қажетті дұға-тілектерін бір Алла Тағаладан ғана сұрайтын, пенделік қателіктері үшін кешірім сұрап, тәубеге келер мекені зәулім мешіттің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Күмбезі ұзақтан көз тартатын мешіттер қай тұрғыдан алсақ та, әр пендеге жақсы ой мен ізгілікті амалдарды еске салатыны белгілі. Мешіттен аттап өтуге ешкімнің жүрегі дауаламайтыны да сондықтан. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын»,- деген бас мүфти мешітке қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.null  

«Есен ана» мешітін отырарлық кәсіпкер Өскенбай Үсенов өз қаржысына салдырып, халыққа тарту етті. Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»  мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған «Туған жерді түлету - перзенттік парыз» акциясы ауданның әлеуметтік әлеуетінің артуына үлес қосып жатыр. 

«Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы халқымыздың рухани құндылықтарын қайта түлетіп, елдің еңсесін көтерген бағдарлы даңғыл жолымызға айналды. Міне, осы мақаланың «Туған жер» жобасы аясында ауданымызда ауқымды игі жұмыстар жүзеге асып келеді. Ауданнан түлеп ұшқан кәсіпкерлер Отырардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына өзіндік үлесін қосып, қолтаңбаларын қалдыруда. Соның бірі - осы «Есен ана» мешіті. Имандылық пен ізгілікке есігін айқара ашқан мешіт игі істердің бастамасы болсын»,-деді Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов.

Шара барысында жиылған жұрт мешітте намаз оқыды. 

null 

 

 

Соңғы жаңалықтар