Оянса - мәйітханада жатыр

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Польшаның 56 жастағы тұрғыны жедел жәрдем қызметкерлерін сотқа бергелі отыр. Дәрігерлер оны көшеде ұйықтап жатқан жерінен мәйітханаға апарып тастапты.
None
None

Metro басылымының хабар­лауынша, Марек Михальский есімді поляк есін жиған кезде өзінің мәйіттерге арналған қапқа оралғанын сезген. Жанұшырып қапты жыртқан ол адамдарды көмекке шақырады. Өзінің айтуынша, ол мәйіт­хана­дан бұрын көшеде орындықта демалып отырған. «Бұл жағ­дайға біреулер жауап беруі тиіс. Мәйітханада дәрігерлердің қарнымды тіліп жатқаны түсіме кіретін болды», - дейді польшалық. Ал дәрігерлердің айтуынша, сол күні әлдекімдер көшеде бір адамның ес-түссіз жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген ақхалаттылар әлгі адамнан тіршілік белгісін таппай, оны қапқа салып, мәйітханаға жөнелтіпті, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Соңғы жаңалықтар