Ойлы дүние әрдайым өз көрерменін табады - Есмұхан Обаев

АЛМАТЫ. 21 қараша. ҚазАқпарат - Бұл қазақтың ұлттық ерекшеліктерін көрсетін кинолардың бастауы сияқты. 

Ойлы дүние әрдайым өз көрерменін табады - Есмұхан Обаев

  ҚР халық әртісі Есмұхан Обаев бүгін Алматыда «Бір кем дүние» деп аталатын жаңа фильмнің тұсаукесерінде осындай пікір білдірді.

«Актерлік кино болған.  Өз басым түрлі эффектілерден, қуғын-сүргін, атыс-шабыстан  гөрі осындай, адамның ішкі дүниесін іздегенді  көңілге қонымды деп ойлаймын.  Оны түсірушілер ауылды тани білген және оның атмосферасын толық жеткізген», - деді Е.Обаев. Оның айтуынша, мұны  ұлттық киноның жарқын көрінісі деуге болады. Онда басті рөлдерді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Оразхан Сәдуақасұлы мен Шолпан Сіргебаева ауылдағы қарапайым шал мен кемпірдің бейнесін шебер сомдап шықты. Ондағы үлкенді-кішілі барлық кейіпкердің бойында ұлттық рухты оятатын   қасиет бар. Мұндай ойлы дүниенің өз көрерменін табары күмәнсіз.