Ойрат Сәдуов «Бәйтерек» ФК-ның бас жаттықтырушысы болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып танымал отандық маман Ойрат Сәдуов тағайындалды, деп жазады Sports.kz.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Чемпионатының 1-ші лигасында шығатын «Бәйтерек» футбол клубыныңң құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Штаттық ұлттық командалары мен спорттық қорының дирекциясы» РМКК болып табылады.

Команданың негізін (1997 жылы дүниеге келген 15-16 ойыншы) Бразилияның «Ботаффого» футбол академиясының («Оле Бразил» жобасы) екінші ағынының түлектері құрайды.

«Бәйтерек» ФК өзінің тұрақты чемпионаты мен ел кубогының үйдегі өткен барлық матчтарын «Астана-Арена» стадионында өткізеді. Футболшылар спорттық аренаның жанында, «Сарыарқа» қонақүйінің («Сарыарқа» велодромы) жайлы нөмірлерінде тұрады.

«Оле Бразил» жобасының аталған ағынының барлық 26 түлегі штаттық ұлттық командалар мен спорттық қорының дирекциясымен келісімшарт орнатып, лайықты жалақыларын алуда. Сондай-ақ мекеме тарапынан оларға ҰБТ тапсыру және мемлекеттік квоталар бойынша білім мекемелеріне оқуға түсу үшін қызметтер көрсетеді.

Клубтың жаттықтырушылық құрамы «Бәйтерек» құрамындағы жаңа маусымға дайындалатын 15-16 футболшыны алады. Қалған балалар басқа клубтарға жалға беріледі. Сондай-ақ бұл футболшылар биылғы жылы өз жас ерекшелігі бойынша алдағы Еуропа чемпионатына іріктеу матчтарынан өту міндеті тұрған Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының (U-19) негізін құрайды.

Бірінші жиын 23 қаңтар-2 ақпанға Астанада өтуі белгіленіп қойды, оған академияның барлық 26 түлегі жұмылдырылады. Екіншісі 10-23 ақпан аралығында Ташкент қаласында өтеді. Осы және келесі жиындардың барысында команданың 2015 жылғы футбол маусымындағы соңғы құрамы анықталады.

Соңғы жаңалықтар