Ойын бизнесіне қатысты заң жобасы бойынша келісім комиссиясы өз шешімін шығарды
АСТАНА. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қос Палата арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясы өз қаулысын шығарып,
ұсыныстарын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кету керек, Қазақстанда ойын бизнесіне қатысты мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсаты көзделіп отыр. Заң жобасымен еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне түзетулер енгізілді. Айталық, ойындар мен бәс тігуді өткізуге және оған қатысуға байланысты талаптарды нақтылау үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгеріс енгізілді.
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін ретке келтіру және олардың жауаптылығын күшейту мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізілді.