«Ойын бизнесіне жол жоқ» акциясы жарияланды
АЛМАТЫ. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Асылбек Қасымхан/ - Алматыда «Ойын бизнесіне жол жоқ» атты акция жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімшілігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл акцияның мақсаты Алматы қаласында бұл бизнестің заңсыз түрін түбегейлі жою. Акция қала тұрғындары мен қонақтарын егер ақша ұтылатын казино немесе ойын залдары туралы анық мәлімет білетін болса сенім телефондары (250-78-14) немесе электронды пошта (avtomat@a-a.kz ) арқылы хабарлауларына шақырады. Келіп түскен әрбір мәлімет құқық қорғау органдарына жіберіледі, сондай-ақ қала әкімінің жеке қадағалауында болады.