Ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбіде жұмыс істейтін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда сауда, ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбі күндері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар сенбіде жұмыс істейтін болады

ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен коронавируске қатысты тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар «жасыл» өңірлерде бизнес субъектілерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жандандырылады.

Атап айтқанда, 2020 жылғы 24 қазаннан бастап сенбі күндері СОСО, сауда үйлері, жабық базарлар сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды.

Еске салсақ, бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді.