Ойын-сауық орындарында ұсталған екі жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды - Астана қаласы ІІД

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Түнгі уақытта қаланың ойын-сауық орындарында ұсталған екі жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылып отыр. Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, қыркүйектің 10-11 күндері жүргізілген арнайы рейд барысында "Нефть" түнгі клубы мен "Ставка KZ" компьютерлік клубында кәмелеттік жасқа толмаған екі жас жеткіншек ұсталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. «Осыған байланысты олардың ата-анасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес жауапқа тартылып отыр», - дейді А.Байділдаев. Сондай-ақ ойын-сауық орындарының иелері 5-10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар