Ойыннан от шықты: қылжақбас қытайлық студент өлім жазасына кесілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жатақханадағы студенттер арасындағы ойыннан от шықты. 1 сәуірде көршісін күлдірем деп, абайсызда улап өлтірген шанхайлық Фудань университетінің студентіне өлім жазасы кесілді, деп хабарлайды Gazeta.ru.
Студент 2013 жылдың 1 сәуірінде көршісінің тамағына N-nitrosodimethylamine жануарлар канцерогенін салып жіберген.
Содан уланған ер адам ауруханаға түсіп, сол жерде 16 күн өткеннен кейін есін жимастан көз жұмды. 1 сәуірдегі күлкі күнінде көршісімен ойнайын деген студент осылайша от басты.