Ойыншық көлікті мас күйінде айдаған британдық жүргізуші куәлігінен айырылды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Британияның Сток-он-Трент қаласының тұрғынына ойыншық фургонды мас күйінде жүргізгені үшін 500 фунт мөлшерінде (820 долларға жуық) айыппұл салынды және бір жылға жүргізушілік құқығынан айырды, деп жазады The Daily Mail газетіне сілтеме жасап Lenta.ru.

Ойыншық көлікті мас күйінде айдаған британдық жүргізуші куәлігінен айырылды

Рио Бердмор (Rio Beardmore) есімді 43 жастағы темір ұсташыны полиция сыраханадан қайтып бара жатқан жолда тоқтатқан. Оның астында жылдамдығы сағатына он шақырымнан аспайтын қолдан құрастырылған электр автомобиль болған. Бердмордың айтуынша, ол ақшыл-көк Volkswagen шағын автобусының кішірейтілген көшірмесін өзі жасапты.