Өз баласын ұрып-соққанын видеоға түсірген павлодарлық әйелді күйеуі кешірді

АСТАНА. ҚазАқпарат -Төрт жасар Айлин Қасымованың әкесі  туған қызын соққының астына алып, барлығын видеоға түсірген өзінің жұбайымен татуласқанын хабарлады.

Өз баласын ұрып-соққанын видеоға түсірген павлодарлық әйелді күйеуі кешірді

Қыз баланың әкесі Ермұрат Қасымов қызы Айлиннің анасы - Нұргүл Доқуовамен татуласқандығы туралы полицияға арыз жазды.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осы себепті  ҚР ҚК 140-бабы ("Кәмелетке толмағанға қатыгездік көрсете отырып, оны тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау немесе оны дұрыс орындамау") бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Не дегенмен, әйел құқық қорғау органдарының бақылауында қалуда: 22 желтоқсан күні ол кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен алты айға ата-анаға құқығынан шектелген болатын. Оның қызы Айлин қазір әжесі мен әкесінің қамқорлығында, дегенмен, анасына баланы көруге - рұқсат, әкесі оған қарсылық танытпауда, деп хабарлады ІІД-ден.

Еске салайық, 24 қазан күні Айлиннің әкесі Ермұрат Қасымов баланы ұрып-соғуға қатысты видео қолдарына түсісімен полицияға арызданған. Онда Нұргүл Докуова қызын соққының астына алып, қылқындырады. Видео 21 қазан күні түсірілген. Қылмыстық іс қозғалған болатын.