Өз халқың мойындау үшін басқа елді бағындыру керек деген нонсенсті түсіне алмадым- әнші Әдемі
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Жаңа толқын - 2015» («Новая волна») байқауының жүлдегері, жарыста «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алған әнші Әдемі жуырда Ринат Гайсин жазған «Құстар» әнінің бейнебаяны жарық көреді дейді.
«Жаңа толқы» байқауына дейін рас Қазақстан эстрадасы, Қазақстан халқы мені көп қабылдай қоймайды. Осылайша, менің ішімде «осы мен дұрыс жол таңдадым ба?» деген күдікті сауал туындай бастады. Сондықтан, ән айта алатынымды, әншілік жолды дұрыс таңдағанымды алдымен өзіме дәлелдеу керек екенін түсіндім. Екіншіден, менің ойымша, қазір бізде мынандай бір түсініксіз құбылыс белең алып жүр: сені өз халқың жақсы көру үшін басқа бір елді, басқа бір халықты бағындырып келуің керек екен. Бұл қандай нонсенс екенін әлі түсіне алмадым...Бірақ, мысалы, «Жаңа толқын» байқауында, Ресей сахнасында Қазақстанда жүргеннен артық ән шырқадым деп айта алмаймын...Әрине, халқым мені тамсана тыңдап, әнші қызын қабылдайды деген үмітім бар. Маған шет елдерден ұсыныс түсіп жатқанын жасырмаймын, бірақ, Жаңа жылға дейін ешқандай шешім қабылдамайтынымды айттым. "Халқымның алдында әнімді айтып, парызымды өтеуім керек" дедім. Бірақ, өкінішке орай, бұдан бұрынғыдай Қазақстанда дами алмасам, шет елге кетуім де мүмкін... Бірақ, мен Қазақстанды өте жақсы көремін»,-дейді әнші ҚазАқпарат тілшісімен болған әңгілемесінде. Әдемі сондай-ақ әдемілік туралы ойын айтып берді. «Әдемі емес адам болмайды. Жан сұлулығы бар да тән сұлулығы бар. Адам өзін қоршаған ортаға өзін қалай байқатса, солай көріне береді. Әдемі көйлек киіп, боянып, халық алдына шығу - сенің шексіз сұлу екеніңді дәлелдемейді...Ең бастысы, сенің хаық адындағы қылығың, сенің сөз саптауың, сенің сұрақ қойып, сұрпаққа дұрыс жауап беруің маңызды»,-деген әнші сынға қалай қарайтынын да айтып берді «Егер сіз, журналист мені «ән айта алмайсың» деп сынасаңыз, кешіріңіз, сіздің мені бұлай сынауыңызға қақыңыз жоқ. Себебі, сіз әншісі емессіз. Мен, музыкалық білімі бар әнші болғандықтан, маған музыкант келіп, менен көрген білгені көп адам келіп сынаса, мен өзіме сабақ алуға тырысамын»,-дейді Әдемі. Оның айтуынша, жуырда Ринат Гайсин жазған «Құстар» әніне бейнебаян дайын болады. Әнші өзінің отыз жасқа толуына орай 2016 жылдың маусым айында бірінші альбомын да шығармақ екен.