Өз индустриямызбен келешегіміз кемел - Кәрім Мәсімов

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Өз индустриямызбен  келешегіміз кемел  - Кәрім Мәсімов

"Мәжіліске қатысушылар Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын, үлестік құрылыс нысандарының құрылыстарын аяқтау және тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясындағы жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады","- деп хабарланды Премьердің Facebook пен Vkontakte сайттарындағы блогтарында.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар тапсырмалар берді.