Өз меншігіндегі мүлікті сенімді басқаруға бермеген мемлекеттік қызметкерге тәртіптік жаза қолданылатын болды

ОРАЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің қыркүйектің 7-сі күнгі отырысында мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік істері қаралды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын Алматы қаласында жұмыс істеген, кейінгі уақытта Орал бөлімшелік темір жол көлігіндегі мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасы санитарлық бақылау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарып жүрген Ержан Бекенов кезінде бір емес, екі бірдей жауапкершілігі шектеулі серіктестікке құрылтайшы болған. Алайда мемлекеттік қызметке ауысқаннан кейін оларды сенімді басқаруға беруді «ұмытып» кеткен. Заңға қайшы келетін бұл жайтты ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті анықтаған.  Сондықтан аталмыш қызметкерге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жасалды.

Тәртіптік кеңес отырысында басқа да мемлекеттік қызметкерлердің істері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Бұдан бұрынғы отырыста талқыға түскен Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Сатым Шәуеновтің ісі мәні бойынша шешім қабылдау үшін аудан әкіміне жолданды.

Соңғы жаңалықтар