Өз-өзін өртеп жіберген Шымкент тұрғыны жансақтау бөлімінде көз жұмды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кеше Шымкентте өз-өзін өртеген әйел қаза тапты. Бұл туралы қалалық гипербариялық оттектеу орталығының жансақтау бөлімінен хабарлады.
«Оның денесінің 55 пайызын күйік шалған, 3-4 дәрежелі деп бағаланды. Әсіресе басы мен кеуде жағы қатты күйген. Жарақаты өте ауыр болды», - деп атап өтті дәрігер.
Еске салсақ, 45 жастағы әйел Абай атындағы саябақта өз-өзін өртеп жіберген. Алдын ала дерек бойынша, оның үйінде отбасылық жанжал орын алып, таяуда күйеуімен ажырасқан.