Өз сайлау учаскеңді тап! - Астана әкімдігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау учаскесін анықтау үшін Астана тұрғындары байланыс орталығының, e.astana.kz және astana.gov.kz веб-сайттарының, сондай-ақ ақпараттық дүңгіршектердің қызметіне жүгіне алады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығы 55-66-55 телефоны бойынша жұмыс істейді. Байланыс орталығында мәліметті тәулік бойы автоматты режимде ЖСН теру арқылы және жұмыс күндері сағат 9.00 - 20.00 аралығында, демалыс немесе мереке күндері сағат 10.00 - 20.00 аралығында алуға болады.

Сайлау учаскесін Астана қаласы әкімдігінің «Электронды қызметтер» веб-порталының e.astana.kz мекен-жайы бойынша «Сайлау учаскесін іздеу» бөлімінде немесе astana.gov.kz веб-порталының «Ақпараттар бюросы» бөлімі арқылы анықтауға болады;

Бұдан басқа, «Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімінде, адам көп жүретін қоғамдық орындарда орналасқан ақпараттық дүңгіршектер арқылы мәлімет алуға болады. Ақпараттық дүңгіршектердің орналасқан мекен-жайы e.astana.kz веб-порталының "Сайлау учаскесін іздеу" бөлімінде жарияланған.

Сонымен қатар, Астана тұрғындары барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайларға хабарласа алады:

«Есіл» ауданы - Қабанбай батыр, 33, тел. 46-61-51, 78-06-83, 46-74-70;

«Сарыарқа» ауданы - Сарыарқа даңғылы, 13, каб. № 311, тел. 55-66-48, 55-66-09, 55-74-88;

«Алматы» ауданы - Тәуелсіздік даңғылы, 7, тел. 36-23-99, 35-02-84, 35-45-27.

Соңғы жаңалықтар