Өз үйінің ауласына Сталиннің алты метрлік ескерткішін орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның батысындағы Лентехи қаласында «Сталин» халықаралық қоғамының төрағасы Григорий Ониани өз үйінің ауласына алты метрлік Иосиф Джугашвилидің ескерткішін орнатты.

Өз үйінің ауласына Сталиннің алты метрлік ескерткішін орнатты

Оның айтуынша, Сталин ескерткіші Поти қаласындағы орталық алаңда тұрған. Алайда 1961 жылы оны құлатып, бірақ қиратпастан көміп тастаған екен.

«Мұны 1992 жылы тауып алдым. Сол уақыттан бері Грузияда билік оны қоғамдық орынға орнатуға рұқсат бермеді, сондықтан аулама орнаттым. Бұл жерде оған ешкім тиіспейді деп ойлаймын», - деді ол.