Өзбек футболшыларын түнгі клубқа барғаны үшін футболдан шеттетуі мүмкін

Өзбекстан футбол қауымдастығының дерегі бойынша, бұл шара спортшыларды жемқорлықтан, пара алудан, келісіп ойнаудан, тотализатордан және тағы басқа футболды дамытуға қайшы келетін әрекеттерден қорғайды. Бұдан бөлек, арнайы комиссия футболшылардың салауатты өмір салтын ұстануын қадағалайды. Ішімдік ішкен, темекі, қорқор шеккен ойыншылар футболдан шеттетулері мүмкін.
«Кейбір ойыншылар уақыттарын таңға дейін түнгі клубтарда өткізіп, ішімдік ішіп, қорқор шегіп жүреді. Бұл маңызды ойындардың алдында дайындықтарына кедергі болады. Мұндай жағдайлар халықаралық аренада құрама командалардың ойындарында да болуы мүмкін. Сондықтан, мен әрбір ойыншының кәсіпқой болуы тиіс екендігін атап өткім келеді. Олар ең алдымен, өздерінің дене дайындықтарына алаңдаулары керек. Сондықтан, арнайы комиссия үлкен көлемдегі ақшаларды ойын-сауыққа жұмсап, салауатты өмір салтын ұстанбайтын футболшыларды анықтайтын болса, олар өмір бойына футболдан шеттетіледі», - деп мәлімдеді Өзбекстан футбол қауымдастығының бірінші вице-президенті Умид Ахматджанов.
Автор: Мирас Қуандықов