Өзбек-қырғыз шекарасында 120 метрлік жерасты жолы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбек-қырғыз шекарасында 120 метрлік жерасты жолы табылды. Бұл жол арқылы содырларды және қаруды тасымалдау жүзеге асырылуы мүмкін, деп хабарлады Өзбекстанның ҰҚК мемлекеттік шекараны күзету бойынша комитетінің баспасөз қызметінен.

Өзбек-қырғыз шекарасында 120 метрлік жерасты жолы табылды

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, анықталған тоннель туралы ақпарат «Өзбекстан» (Өзбекстан) және «Қызыл-қия» (Қырғызстан) өткізу бекетінде шекара ведомстволары басшыларының кездесуінде айтылды, деп жазды interfax.ru.

"Өзбекстан азаматының үйі мен Қырғызстан Республикасы азаматшасының үйін байланыстыратын тоннель тереңдігі 6 метрді, ені 60-70 см, биіктігі 1-1,2 метрді, ал ұзындығы 120 метрді құрайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шекарашылардың ақпаратынша, контрабандашылар өзбек-қырғыз шекарасындағы тоннельді бағалы заттар мен адамдарды тасымалдау үшін пайдаланды. "өзбек-қырғыз шекарасындағы контрабандалық шаралардың осындай әдісі алғаш рет тіркеліп отыр", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.