Өзбек мемлекеттік органдарының сайттарына алғаш рет хакерлер шабуыл жасады

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат -28 шілде күні кешке Өзбекстан сыртқы істер министрлігі, сыртқы экономикалық байланыстар, инвестициялар және сауда министрлігі және Өзбекстан СІМ жанындағы «Жахон» АА ресми сайттарына хакерлік шабуыл жасалды,

Өзбек мемлекеттік органдарының сайттарына алғаш рет хакерлер шабуыл жасады

деп хабарлайды REGNUM АА.

Хакерлер бұл сайттардың орыс нұсқасындағы негізгі беттерге бұзып кірген. Сонымен, ақпаратпен бірге «By xTerror xTerrorxx@hotmail.com S.A.Geeks» жазуы пайда болды.

Ресми органдар аталған ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Сонымен қатар, 29 шілдеде таңертең жоғарыда аталған мемлекеттік құрылымдардың техникалық қызметтері дереу веб-сайттардың қызметін бұрынғы қалпына келтірді.

Өзбек мемлекеттік органдарының ресми сайттарына алғаш рет шабуыл жасалып отырғанын атап өту керек.