Өзбек мұғалімдеріне жалақы орнына балапандар берілді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Өзбекстандағы Бұхар облысының мұғалімдері мен медицина қызметкерлері жалақыларының бір бөлігінің орнына Сербиядан әкелінген балапандар алды, деп хабарлайды Лента.ру.
None
None

«Азаттық радиосының» хабарлауынша, Вабкент ауданының бюджеттік қызметкерлеріне 20 мың балапан үлестіріліп берілген, жақын арада тағы 40 мың балапан үлестіріледі.

Одиль есімді бір мұғалімнің айтуынша, бұл шара олардың еркінен тыс жүргізілген. «Бізді 10 балапаннан алуға мүжбүрледі, - дейді ол - Әрбір сербия балапаны 5,5 мың сомға бағаланады (мемлекеттік курс бойынша 3 доллар, «қара» нарықта 2 доллар), ал жергілікті балапандар арзандау. Дегенмен, біз оларды алудан бас тарта алмаймыз, өйткені басқа амалымыз жоқ».

Дегенмен шенеуніктердің айтуынша, балапан тарату науқаны ерікті түрде жүргізілуде. Онымен қоймай, олар бұл шараның тиімді екенін айтып, басқа да аудандарда қарастыру керек деген пікірде. «Азаттық радиосының» айтуынша, Ташкентте тіпті мемлекеттік жалақының орнына украиналық бұзауларды тарату шарасы да қарастырылып жатқан көрінеді.

Мамандардың пікірінше, осындай қылықтарымен жергілікті шенеуніктер қолма-қол ақшаның жетіспеушілігін жойып, бюджет шығынын азайта түспек. Қазіргі уақытта ресми деректер бойынша елдегі орташа айлық жалақы 320 АҚШ долларына тең келіп отыр. Ал Ташкенттен басқа өңірлерде бұл сан 100 доллардан әзер асып жығылады.

Соңғы жаңалықтар