Өзбек-тәжік қатынастары жаңа деңгейге көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстанда ресми сапармен жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан басшысын Душанбенің халықаралық әуежайынан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон күтіп алды.
Екі ел басшылары келіссөздерінен кейін бірқатар тарихи құжаттарға қол қойылды.
Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмон Достық қарым-қатынас және тату көршілікті нығайту туралы бірлескен құжатқа, өзбек-тәжік мемлекеттік шекараларының жекелеген участіктері туралы шартқа қол қойды.
Сондай-ақ, сапар аясында екі ел арасындағы сауда, экономика, инвестиция, қаржы, көлік және транзит, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, салық, кеден ісі, туризм, білім беру және ғылым, денсаулық сақтау, өңіраралық ынтымақтастық тағы да басқа салалар бағыттарын қамтыған 27 құжатқа қол қойылды.
Президент Шавкат Мирзиёевтің сөзіне қарағанда, Өзбекстан мен Тәжікстан арасында шешілмеген мәселе жоқ. Бұл пікірді өз кезегінде Эмомали Рахмонда қолдады.