Өзбек ұлттық биі Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. KAZINFORM- Өзбектің «Әндіжан полькасы» ұлттық биді жаппай орындаған қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Kazinform. 

Өзбек ұлттық биі Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото: UzA

Мамыр айында Әндіжан Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін алды

Осы оқиғаға орай Әндіжандағы «Бобур Арена» стадионында шамамен 20 мың өнерпаз бір мезгілде қатысқан ауқымды мәдени бағдарлама өтті.

Әндіжан облысының хокими Шухратбек Абдурахмановқа әлемдік рекордты растайтын ресми сертификат табысталды.

Әндіжан облысы хокимияты баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы бұл жоғары баға тек Әндіжан тұрғындарының ғана емес, бүкіл өзбек халқының бай материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде мойындау болып табылатынын атап өтті.

Осыған дейін Өзбекстандағы гүл фестивалі Гиннестің рекордтар кітабына енгені хабарланды.