Өзбекстан 2018 жылы экспорттық өнімдер көлемін арттырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан экспорт көлемін 2018 жылы арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. 
None
None

Өзбекстан экспортының көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 15%-ке өскен. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалымен өткен жиында мәлім болды.

Өзбекстан 2018 жылы жалпы қаржылық көрсеткіші 12 млрд доллардан асатын өнімдерді экспортқа шығармақ.

Сондай-ақ, жиында  Ш. Мирзиеев Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, Түркия және Орталық Азия елдеріне жасаған сапарлары аясында қол жеткізген келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылы кәсіпкерлердің өнім экспорттау қуатын арттыруға жағдай жасайтын бірқатар құжаттар қабылданған.

Соңғы жаңалықтар