22:06, 09 Маусым 2023 | GMT +5
Өзбекстан 2030 жылға қарай АИТВ таралуына толығымен тосқауыл қоймақ
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан 2030 жылға қарай АИТВ/ЖИТС таралуын толық жоймақшы. Бұл туралы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен ЖИТС-пен күрес жөніндегі республикалық орталықтың басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Қазіргі уақытта республикада 48 мыңнан астам адамнан АИТВ табылған.
Соңғы 5 жылда АИТВ инфекциясына тест тапсырғандар саны 5 есе өсіп, 3,5 миллион адамға жеткен.
Мемлекеттік дәрі-дәрмекті қаржыландыру - 80%.
АИТВ инфекциясы анадан балаға берілмес үшін республикада жыл сайын науқас анадан туған балалар құрғақ сүт ұнтағымен қамтамасыз етіліп отыр.
Осы шараның арқасында 99,7% баланың дені сау.
АИТВ эпидемиясын 2030 жылға қарай тоқтату үшін «95-95-95» мақсатына жету керек.
Яғни, 2025 жылға қарай АИТВ жұқтырғандардың 95%-ы өз статусын біледі.
Науқастардың 95%-ы арнайы терапия қабылдайды және аурулардың 95%-ында басқа адамдарға берілмейтін төмен вирус қуаты болады.
Бұл жұмыстың барлығы 2030 жылға қарай АИТВ/ЖИТС-тың таралуын толық тоқтатуға бағытталған.