Өзбекстан Аралдың кеуіп қалған табанына сексеуіл егуді жалғастырып жатыр

арал теңізі
Фото: Өзбекстан ТЖМ

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Арал теңізінің түбін көгалдандырудың кезекті маусымына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kazinform ведомствоға сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 2018 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Арал теңізінің түбін көгалдандыру бойынша ауқымды мемлекеттік бағдарлама басталған. 

Бұл бастаманың мақсаты — су қоймасының кебуінен туындаған экологиялық апаттың салдарын азайту.

Соңғы жылдары ТЖМ және орман шаруашылығы агенттігінің күшімен теңіздің құрғап қалған түбінде шөл өсімдіктерінен орасан зор жасыл алқаптар пайда болды.

арал
Фото: Өзбекстан ТЖМ

Жақында көшет егу маусымы қайта басталады.

Бірнеше апта бойы ТЖМ қызметкерлері сексеуіл тұқымын дайындаумен айналысты, енді ол авиацияның көмегімен теңіз түбіне себіледі. 

Еске сала кетейік, бұл жұмысты Қазақстан тарапы да жүргізіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдар аралығында Аралдың табанында 1,1 млн га аумаққа ағаш отырғызуды міндеттеген. 

Тапсырмаға сәйкес, Қызылорда облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, сонымен қатар орман мекемелерінің күшімен былтыр 100 мың га жерге сексеуіл көшеті отырғызылды.

Ал, 2022-2025 жылдар аралығында жыл сайын 250 мың га алаңда ағаш отырғызылады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram