13:15, 19 Сәуір 2022 | GMT +5
Өзбекстан Ауғанстан аумағынан зымыранмен атқылады деген ақпаратты жоққа шығарды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан Ауғанстан аумағынан әскери нысандарға шабуыл болғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Термез ауданында Өзбекстан Қарулы күштерін Ауғанстан аумағынан зымыранмен атқылады деген кейбір Telegram-каналдар таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Ш. Асадов.
Ол Өзбекстан Қорғаныс министрлігі мен шекара әскерінің мәліметіне сүйеніп, өзбек-ауған шекарасында ешқандай әскери белсенділік байқалмайтынын, жағдай тұрақты екенін атап өтті.
«Жалған ақпаратқа сенбеңіздер», - деді Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, 18 сәуір күні мұндай ақпаратты «Милитарист» Telegram-каналы таратты.