Өзбекстан Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысына келісім алаңын ұсынуға дайын
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысын тікелей келіссөзге шақырау үшін өз алаңын ұсынуға дайын, деп хабарлайды Өзбекстандағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұл туралы Ташкент конференциясының ашылуында сөз сөйлеген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев айтты.
«Ауғанстанның бейбіт болашағы үшін ортақ жауапкершілікті бөлісу және дәстүрлі достық қарым-қатынастарға сүйене отырып, біз Ауғанстан Үкіметі мен Талибан арасындағы Өзбекстан аумағында тікелей келіссөздерді ұйымдастыру үшін бейбіт процестің кез келген кезеңінде барлық қажетті жағдайларды жасауға дайынбыз», - деді Өзбекстан президенті.
Естеріңізге сала кетейік, 26-27 наурызда Ташкентте «Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың бейбіт процесі және өңіраралық біріккен іс-қимыл» тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр. Басқосуға әлемнің 20-дан астам елінен өкілдер келіп қатысуда, оның ішінде Қазақстан да бар.
Фото: pbs.twimg.com