Өзбекстан азаматшасы Алматыда жезөкшелер үйін ашып, оған басшылық еткен

АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - 30 жастағы Өзбекстан азаматшасы Алматыда «жынойнақ» үйін ашып, оған басшылық еткен.

Өзбекстан азаматшасы Алматыда жезөкшелер үйін ашып, оған басшылық еткен

Бұған дейін жезөкшелікпен айналысқан азаматша жеңгетайлық «қызметін» қолға алмақ болған, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Жынойнақ» үйі Алматының Түріксіб ауданында орналасқан үйлердің бірінде болған. Әйел 3 жезөкшеге басшылық еткен. Оның қылмысы өткен демалыс күндері әшкере болды. Жеңгетайдың жеке тұлғасын тексеру кезінде елімізде заңсыз жүргені анықталды», - деді Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Адам саудасымен күрес бөлімінің бастығы Қуат Науатов.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.