Өзбекстан азаматы «Алматы–Ташкент» бағытында қатынайтын ұшақтан түсірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы–Ташкент» бағытында қатынайтын ұшақта мас күйде бұзақылық жасаған Өзбекстан азаматы рейстен түсірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Масаң күйде болған Өзбекстан азаматы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әуе рейсінен түсірілген.
34 жастағы азамат өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан. Жолаушы «Алматы – Ташкент» рейсінен акт бойынша түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді.