13:10, 28 Тамыз 2019 | GMT +5
Өзбекстан азаматы ШҚО автобусында заңсыз кондуктор болып істеген
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Өзбекстан азаматы қоғамдық көлікте заңсыз жұмыс істеп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы кезінде Өзбекстан Республикасы азаматшасының заңсыз еңбек етіп келгені анықталды. Ол қаладағы қоғамдық көлікте кондуктор болып істеген. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 26 жастағы азаматшаға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Полиция оны жұмысқа алған тұлғаны да жауапқа тартпақшы.
«Жұмыс беруші де шетелдік азаматтардың еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылады. «Құқықтық тәртіп» шарасы өткен 2 күннің ішінде көші-қон заңын бұзған 123 шетел азаматы жауапқа тартылды», - делінген департаменттің мәліметінде